Кім алуға құқылы?

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектердің заңды өкілдеріне (әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқорлыққа мұқтаж).

Қашан?

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде. Жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш берген күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады.

Қайда бару керек?
  • Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
  • «Электрондық үкіметтің»egov.kz веб-порталына;
  • Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде – тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне.
Төлемақы мөлшері

Төлемақы мөлшері – бекітілген

*Күнкөріс минимумы - 40567 теңге
Төлемақы мөлшері Төлемақы мөлшері (теңгемен)
1.61 КМ* 65 313 теңге
Қажетті құжаттар

Мемлекеттік корпорацияға:

  • Өтініш;
  • жеке басын куәландырушы құжат;
  • қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат);
  • Жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;
  • Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер.

Порталға:

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында.

Өтініш берушінің және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның жеке басын куәландыратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелетін мәліметтер (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру фактісін растау үшін және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке), сондай-ақ банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сауалдарға сәйкес тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.