Жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын, шартсыз және шартты ақшалай көмек түріндегі ҚР азаматтарына, қандастарға, босқындарға, ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуымен байланысты.
- отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе): жеті жасқа дейінгі балаға; мүгедек балаға; бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке; бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға
Шартты ақшалай көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында (ол болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігінде) Орталықпен бірлесіп көмектің жеке жоспарын жасағаннан және әлеуметтік келісімшарт жасасқаннан кейін кеңес беру нәтижелері бойынша
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруі немесе оны алу құқығы үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туындаған жағдайда, атаулы әлеуметтік көмек алушы он жұмыс күні ішінде олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімін хабардар етуге міндетті.
- Тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы
- Ол болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне.
Уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептейді.
Отбасының құрамы және табысы өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.
Жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы
Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.
Төлем мөлшерін есептеу
- Белгіленген үлгідегі өтініш;
- Жеке басын куәландырушы құжат;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш ұсынады.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің бірінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) оралмана мәртебесі туралы;
3) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
4) мүгедектікті белгілеу туралы;
5) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
6) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы;
7) баланы асырап алу туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы;
9) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі;
10) кірістер туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер);
11) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы;
12) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
13) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі (бар болса) туралы;
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
16) алимент туралы не берешектің бар-жоғы туралы;
17) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.