Бала күтімін жүзеге асырып отырған және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын тұлғалар
Бала туғаннан кейін. Төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғанға дейін тағайындалады. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау мерзімі бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.
- Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.
- egov.kz веб-порталы.
Төлемақы мөлшері – бекітілген
Балалар саны | Жәрдемақы мөлшері | Жәрдемақы мөлшері (теңгемен) |
---|---|---|
Бірінші балаға | 5.76 АЕК | 19 872 теңге |
Екінші балаға | 6.81 АЕК | 23 495 теңге |
Үшінші балаға | 7.85 АЕК | 27 083 теңге |
Төртінші және одан көп балаға | 8.9 АЕК | 30 705 теңге |
Мемлекеттік корпорацияға*:
- Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Баланың туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акт (актілер) жазбасы (жазбалары);
- Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда-бұл фактіні растайтын құжат;
- Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (бұзу) туралы куәлік;
- Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат.
* Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелермен расталған кезде жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
- Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
- Жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салуы.