Кім алуға құқылы?

Бала туған кез келген әйел

Қашан?

Бала туғаннан кейін 12 айдан кеш емес

Қайда бару керек?
  • Тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
  • egov.kz веб-порталы
Төлемақы мөлшері

Төлемақы мөлшері – бекітілген

*айлық есептiк көрсеткiш - 3450 теңге
Балалар саны Төлемақы мөлшері Төлемақы мөлшері (теңгемен)
1-3 38 АЕК 131 100 теңге
4 және одан кейінгі балаларға 63 АЕК 217 350 теңге
Қажетті құжаттар

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  • Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш.
  • Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай – ақ оралмандар үшін-оралман куәлігі.
  • Баланың туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акт (актілер) жазбасы (жазбалары).

Порталда өтініш берген кезде:

  • Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініші.