Кім алуға құқылы?

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады

Қашан?

Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылудың белгіленген бүкіл кезеңіне тағайындалады.

Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген жағдайда, әлеуметтік төлем жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап жалпы еңбек ету қабілетінен айырылудың жаңадан белгіленген дәрежесіне сәйкес келетін мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте қор үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер мөлшерін өзгерту туралы шығарылған шешім туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар етеді.

Қайда бару керек?
  • Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне (жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде).
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жүгінген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде).
Төлемақы мөлшері

Жалақының ең төмен мөлшерінің (әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген) 50% – ын алып тастағандағы табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.

Төлем мөлшерін есептеу

*БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін табыс тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшері (42500 теңге) деңгейінде қабылданады
%
М
Қажетті құжаттар
  • Жеке басын куәландырушы құжат;
  • Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы ақпарат (Департаменттің ақпараттық жүйесінен);
  • Банк есепшотының нөмірі туралы ақпарат.