Бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға көрсетіледі.
Отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Үміткер өтініш берген күннен бастап.
- Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына
Төлемақы мөлшері – бекітілген
Алынатын жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға ықпал ететін отбасының құрамы өзгерген жағдайда, жәрдемақы мөлшерін өзгерту тиісті құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана жүргізіледі.
Балалар саны | Төлемақы мөлшері | Төлемақы мөлшері (теңгемен) |
---|---|---|
4 балаға | 16.03 АЕК | 55 304 теңге |
5 балаға | 20.04 АЕК | 69 138 теңге |
6 балаға | 24.05 АЕК | 82 973 теңге |
7 балаға | 28.06 АЕК | 96 807 теңге |
8 және одан да көп балаға - әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш. |
- Өтініш;
- Жеке басын куәландырушы құжат;
- Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама;
- Өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлік;
- Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда-осы фактіні растайтын құжат;
- Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса оқу орнының анықтамасы (жыл сайын ұсынылады;