Кім алуға құқылы?

Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы)

Қашан?

Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне (18 жасқа дейін) ай сайын төленеді.

Қайда бару керек?
  • Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
  • Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне;
  • «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы.
Төлемақы мөлшері

Төлемақы мөлшері – бекітілген

*Күнкөріс минимумы - 40567 теңге
Төлемақы мөлшері Төлемақы мөлшері (теңгемен)
1.61 КМ* 65 313 теңге
Қажетті құжаттар

Мемлекеттік корпорацияға:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш;
  • Жеке басын куәландырушы құжат;
  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
  • Баланың мүгедектігі туралы анықтама;
  • Банк есепшотының нөмірі туралы мәлімет;
  • Өтініш беруші мен баланың деректерінде алшақтық болған жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;
  • Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін немесе бала асырап алынғанын растайтын құжат;
  • Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжатты, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді  ұсыну жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымда көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде талап етілмейді.

Порталға:

  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш;
  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәліктен, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжаттан, сондай-ақ баланың мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.