ҚР азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, мүгедектік туындаған жағдайда, жәрдемақы алуға өтініш берген уақытқа жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан.
Жәрдемақы мүгедектік қашан басталғанына қарамастан (жұмыс немесе қызмет кезеңінде, жұмысқа қабылданғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін) тағайындалады.
Бір мезгілде әртүрлі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толған мүгедектерді қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі.
Қандай да бір мерзіммен шектелмей жәрдемақыға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта. Жәрдемақылар мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін үш айдан аспайтын уақыт бұрын немесе проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін тағайындалады.
- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің аумақтық бөлімшелері-мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
Төлемақы мөлшері – бекітілген
Ол бірқатар критерийлер негізінде анықталады – ең төменгі күнкөріс деңгейіне тиісті коэффициентті қолдану арқылы.
Түрі | Группа | Жәрдемақы мөлшері | Жәрдемақы мөлшері (теңгемен) |
---|---|---|---|
Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсіптік аурудан | I топ | 2.20 КМ* | 89 247 теңге |
II топ | 1.83 КМ* | 74 238 теңге | |
III топ | 1.61 КМ* | 65 313 теңге | |
7 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 1.61 КМ* | 65 313 теңге | |
Бала күнінен мүгедектер | I топ | 2.20 КМ* | 89 247 теңге |
II топ | 1.83 КМ* | 74 238 теңге | |
III топ | 1.61 КМ* | 65 313 теңге | |
7 - 18 жас аралығындағы мүгедек балалар | I топ | 2.20 КМ* | 89 247 теңге |
II топ | 1.83 КМ* | 74 238 теңге | |
III топ | 1.61 КМ* | 65 313 теңге | |
Лица с инвалидностью вследствие чрезвычайных экологических ситуаций.Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес мертігуі салдарынан әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) қатарындағы мүгедектер | I топ | 3.22 КМ* | 130 626 теңге |
II топ | 2.75 КМ* | 111 559 теңге | |
III топ | 2.31 КМ* | 93 710 теңге | |
Инвалиды из числа военнослужащих (кроме военнослужащих срочной службы) вследствие увечья при исполнении служебных обязанностей | I топ | 3.94 КМ* | 159 834 теңге |
II топ | 3.04 КМ* | 123 324 теңге | |
III топ | 2.31 КМ* | 93 710 теңге |
- Өтініш (проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде талап етілмейді);
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Банк есепшотының нөмірі туралы мәлімет;
- Мүгедектік туралы анықтама;
Қажет болған жағдайда мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
- радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруларының, мүгедектігінің себепті байланысын анықтау бойынша ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
- Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
- госпиталь берген науқастануы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
- он алты жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
- неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршысы) тегін өзгерткен кезде);
- қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;
- Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.