Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін.
Жұмыссыз ретінде тіркелген кезде халықты жұмыспен қамту орталығына;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болған кезде);
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде.
Табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.
Табыстың орташа айлық мөлшері (әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген) жұмысынан айырылу жөніндегі әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады. (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болғанына қарамастан)
Табысты алмастыру коэффициенті 0,45 құрайды
Қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады және мынаны құрайды:
- Алты айдан аз – 0,1;
- Алтыдан он екі айға дейін – 0,7;
- Он екіден жиырма төрт айға дейін – 0,75;
- Жиырма төрттен отыз алты айға дейін – 0,85;
- Отыз алтыдан қырық сегізге дейін – 0,9;
- Қырық сегізден алпыс айға дейін – 0,95;
- Алпыстан жетпіс екіге дейін – 1,0;
- алпыс және одан да көп айдан бастап – Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылады.
Төлемдер тағайындалады:
- 1 айға – 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
- 2 айға – 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
- 3 айға – 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
- 4 айға – 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
- 5 айға – 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
- 6 айға – 60 айдан және одан да көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда.
Төлем мөлшерін есептеу
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе оралман куәлігі.
- Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат (Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінен);
- Банк есепшотының нөмірі туралы ақпарат.